07.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» «Ақ Барсқа» қонаққа барады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» «Ақ Барсқа» қонаққа барады

Бүгін, 7 қазан күні Қазан қаласында Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойыны өтеді. «Ақ Барс» өз алаңында Қазақстанның «Барысын» қабылдайды. Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Алдыңғы кездесуде Қазан қаласының ұжымы Астанада 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қазіргі таңда турнир кестесінде «Ақ Барс» алтыншы орында, ал «Барыс» сегізінші сатыда тұр.

Қос команда ҚХЛ тарихында жалпы 56 рет кездескен, оның 46-сы «Ақ Барс» жеңісіне, ал 10 ойында «Барыс» жеңіске жеткен.