28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қатарынан үш жеңіліс: «Қайрат» бас бапкерсіз қалуы мүмкін

Қатарынан үш жеңіліс: «Қайрат» бас бапкерсіз қалуы мүмкін

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.

Match KZ Telegram-арнасының мәліметінше, егер «Қайрат» алдағы «Ақтөбемен» ойында жеңілген жағдайда, отандық бапкер командадағы орнын босатады.

«Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы кездесу 30 мамыр, сағат 20:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, Уразбахтин тұсындағы «Қайрат» қатарынан соңғы үш ойында жеңіліс тапты. Алматылық ұжым Қазақстан Премьер-лигасында 11 ойыннан кейін 23 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші сатыда келеді.