12.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қарағандылық қақпашы Альберт Коваль Түркия чемпионатына ауысты

Қарағандылық қақпашы Альберт Коваль Түркия чемпионатына ауысты

Қарағанды хоккей мектебінің тәрбиеленушісі, «Сарыарқаның» бұрынғы қақпашысы Альберт Коваль Pro Hokei Ligasy біріншілігінен Түркия чемпионатына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ойыншының агенті Виталий Нестеров #ГоловойОбЛед бағдарламасында хабарлады.

22 жастағы қақпашы түркиялық «Истанбул» клубымен келісімшартқа қол қойды. Коваль соңғы үш маусымда «Сарыарқаның» қақпасын қорғаған болатын.