19.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қарағанды «Шахтерінің» президенті қызметінен кетуі мүмкін

Қарағанды «Шахтерінің» президенті қызметінен кетуі мүмкін

Сұр CARDINAL телеграм-каналының хабарлауынша, қарағандылық «Шахтердің» қазіргі президенті Талғат Дүйсеков жақын арада өз қызметін тастайды.

Жоғары дивизионға өту үміткерлерінің бірі саналған кеншілер қазір Бірінші лига турнир кестесінде төртінші орында тұр — команда көш бастап тұрған ақтаулық «Каспийден» сегіз ұпайға, ал павлодарлық «Ертістен» алты ұпайға артта қалып отыр.

Айта кетерлігі, кеше Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып жеті миллиард доллардан астам байлығы бар кәсіпкер Тимур Турлов тағайындалды.

Қарағанды клубының жетістіктер тарихы мол — оның еншісінде екі чемпиондық атақ, Қазақстан Кубогындағы жеңіс, сондай-ақ еурокубоктардың топтық кезеңіне қатысқан тұңғыш қазақстандық клуб мәртебесі бар.