05.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қаны қазақ өзбекстандық боксшы әлем чемпионатын сәтті бастады

Қаны қазақ өзбекстандық боксшы әлем чемпионатын сәтті бастады

4 желтоқсанда БАӘ-нің Дубай қаласында IBA халықаралық бокс чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

63,5 келі салмақ дәрежесінде өзбек Саят Ильясов пен палестиналық Анас Слейман кездесті.

Екінші раундта Саят қарсыласын күшті соққымен нокдаунға жіберді. Үзіліс кезінде палестиналықтың командасы жекпе-жекті аяқтаған дұрыс деп шешті.

Осылайша, этникалық қазақ боксшысы жекпе-жекте жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, Саят Ильясов — Өзбекстан ұлттық бокс құрамасының намысын қорғайтын этникалық қазақ.