27.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қаңтарда қатарынан екі нөмірлі турнир: UFC жаңа маусымды жоғары қарқынмен бастайды

Қаңтарда қатарынан екі нөмірлі турнир: UFC жаңа маусымды жоғары қарқынмен бастайды

UFC 2026 жылды ерекше қарқынмен бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz Спорт Шредингерге сілтеме жасап.

Шетелдік ақпаратқа қарағанда, алдымен 24 қаңтарда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena алаңында UFC 324 өтеді. Одан кейін тура бір аптадан соң, 31 қаңтарда, промоушен Сиднейде тағы бір нөмірлі турнир — UFC 325 ұйымдастырмақ.

Қазір жанкүйерлердің негізгі назары австралиялық шоуға түсетін мейн-ивентке ауып тұр. БАҚ-та Александр Волкановски мен осы маусымда көзге түскен Диего Лопес арасындағы жекпе-жек талқыланып жатыр.

Сонымен бірге Шавкат Рахмоновтың октагонға оралуы туралы әңгіме қайта қызды. Оның Джек Делла Маддаленамен айқасы бастапқыда ақпан–наурыз айларында өтуі тиіс еді, бірақ күнтізбе қаңтарға ауысуы мүмкін деген болжам бар. Егер UFC жоспарды өзгертсе, қазақстандық файтерді дәл осы екінші нөмірлі турнирде көру ықтималдығы жоғары.

Әзірге ресми растау жоқ, бірақ екі қаңтарлық турнир туралы анонстар жақын күндері жариялануы мүмкін.