26.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қайсардың екі футболшысы Жетісайға жалға берілді

Қайсардың екі футболшысы Жетісайға жалға берілді

«Қайсар» футбол клубы екі ойыншысын — шабуылшы Нұрдәулет Әмірбекті және жартылай қорғаушы Мағжан Бауыржанды бірінші лигадағы «Жетісай» командасына жалға бергенін жариялады.

Біздің команданың екі футболшысы Нұрдәулет Әмірбек пен Мағжан Бауыржан тәжірибе жинақтау мақсатында «Жетісай» командасына жалға берілді

Чемпионаттың 14 турынан кейін 13 ұпай жинаған қызылордалық клуб Қазақстан Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде оныншы орында тұр. «Қайсар» биылғы маусымда тек қазақстандық құраммен өнер көрсететін жоғары дивизионның алғашқы клубы атанды.