26.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайсар» қорғаушы Жалғас Жақсылықовпен қоштасты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайсар» қорғаушы Жалғас Жақсылықовпен қоштасты

Қызылордалық «Қайсар» клубы қорғаушы Жалғас Жақсылықовпен келісімшартты өзара келісім бойынша бұзғанын хабарлады. Ойыншы команда сапында жарты жыл өнер көрсетті.

Ресми мәліметке сәйкес, Жақсылықов «Қайсарға» 2025 жылдың басында «Оқжетпестен» ауысып келген болатын. Бұған дейін ол «Тараз» және «Тұран» клубтарында ойнаған. Футболшы «Оңтүстік» академиясының түлегі.

ҚПЛ-дің 14 турында «Қайсар» 13 ұпаймен турнир кестесінің 10-орнында тұр. Айта кетейік, биыл «Қайсар» маусымды тек қазақстандық ойыншылармен өткізетінін ресми түрде мәлімдеген алғашқы клуб болды.