27.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайсар» маңызды жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайсар» маңызды жеңіске жетті

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде алға жылжыды.

Ойын тағдырын ерте гол шешті — 3-минутта Оркен Маханның пасын Никита Губарев нәтижелі аяқтап, есеп ашты. Бұдан кейін матч тең жағдайда өрбіді, бірақ алаң иелері басымдықты соңына дейін сақтап қалды.

Бұл жеңістің арқасында «Қайсардың» ұпай саны 17-ге жетіп, команда 10-орынға көтерілді. Ал «Қызылжар» 19 ұпаймен 9-сатыға төмен сырғыды.

Келесі турда қызылордалықтар сырт алаңда «Ақтөбемен» кездессе, петропавлдықтар «Елімаймен» ойнайды.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!