31.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайсар» ФК клубтың болашағына қатысты мәлімдеме жасады

«Қайсар» ФК клубтың болашағына қатысты мәлімдеме жасады

«Қайсардың» баспасөз қызметі клубтың жеке меншікке өткенін жариялап, инфрақұрылым мен академияны дамыту жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

— ​Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты жеделдету керектігін баса айтқан болатын.

​Осыған байланысты Президент тапсырмасына сәйкес, қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілді.​

Алдағы уақытта «Қайсар» футбол клубын дамыту бойынша нақты шаралар қабылданып, клуб академиясы мен инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд. теңге көлемінде инвестиция салу жоспарлануда – деп жазды команданың баспасөз қызметі.