27.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайраттың» тарихи жеңісі Қазақстанның УЕФА кестесіндегі позициясын жақсартты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайраттың» тарихи жеңісі Қазақстанның УЕФА кестесіндегі позициясын жақсартты

Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуы Қазақстанның УЕФА коэффициенттер кестесіндегі позициясын айтарлықтай жақсартты, Қазақстан бірден бес сатыға көтеріліп, 39-орыннан 34-орынға шықты.

Жаңартылған үзіндіде Қазақстанның алдында Ресей, Ирландия, Исландия және Молдова тұр. Артында Армения, Латвия, Финляндия, Косово, Босния және Герцеговина, сондай-ақ Фарер аралдары орналасқан. Осылайша, Қазақстан Арменияны, Латвияны, Финляндияны, Косовоны және Босния және Герцеговинаны жалпы рейтингте басып озды.

Бұл өсім болашақ маусымдарда қазақстандық клубтардың еурокубоктарға іріктелуі мен себетке бөлінуіне оң әсер етпек.