28.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайраттың» тарихи ойынына төрешілер тағайындалды

«Қайраттың» тарихи ойынына төрешілер тағайындалды

Бұл ойынды Италиядан келген төрешілер бригадасы басқарады.

Бас төреші — Марко Гуида. Оның көмекшілері — Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти. Төртінші төреші — Симоне Соцца. Бейнеқайталау жүйесінің (VAR) төрешісі — Марко Ди Белло. VAR-дың ассистенті — Алеандро Ди Паоло.

Айта кетейік, Марко Гуида бұған дейін бірінші турда «Айнтрахт» — «Галатасарай» және іріктеу кезеңінде «Бенфика» — «Ницца»ойындарына қазы болған еді.

Еске сала кетейік, «Қайрат» Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынын сырт алаңда «Спортингтен» (1:4) жеңіліспен бастады. Ал «Реал» өз алаңында «Марсельді» (2:1) ұтты.