27.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қайраттың қаһарманы — Темірлан Анарбеков

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қайраттың қаһарманы — Темірлан Анарбеков

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі финалында Шотландияның 55 дүркін чемпионы «Селтикпен» Алматыда өткен қарымта ойында 0:0 есебімен тең түсті. Матчтың тағдыры пенальти сериясында шешіліп, оның басты қаһарманы қақпашы Темірлан Анарбеков болды. Ол қарсыластың бес соққысының үшеуін қайтарып, командасына шешуші жеңіс сыйлады.

2003 жылы Атырау облысында туған Анарбековтың бұл ойыны қазақ футболы үшін тарихи сәтке айналды. «Қайрат» дәл осы ерліктің арқасында Чемпиондар лигасының лига кезеңіне жолдама алып, ел футболын жаңа деңгейге көтерді.