05.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайраттың» негізгі қорғаушысы жарақат алды

«Қайраттың» негізгі қорғаушысы жарақат алды

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин команданың орталық қорғаушысы Александр Мартыновичтің жарақатына байланысты УЕФА Чемпиондар Лигасының «Интерге» қарсы ойынын өткізіп алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Интерге қарсы ойын алдында Мартыновичтен басқа қақпашыларымыз бен барлық ойыншыларымыз сау. Александрдың соңғы лига ойынынан кейін жеңіл жарақаты бар», — деді Уразбахтин.

«Қайраттың» Чемпиондар Лигасының үш турынан кейін бір ұпайы бар және турнир кестесінде 34-ші орында тұр.