02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайраттың» ЧЛ-дағы өз алаңындағы матчтарына билет бағасы белгілі болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайраттың» ЧЛ-дағы өз алаңындағы матчтарына билет бағасы белгілі болды

«Спорт Шредингера» дерегіне сүйенген бірнеше басылымның хабарлауынша, «Қайрат» Чемпиондар лигасының лига кезеңіндегі төрт үй ойынына билеттерді негізінен пакет түрінде сатуды жоспарлап отыр. Пакет құны орын санатына қарай 95 000, 150 000 немесе 250 000 теңге болады. Жекелеген матчтарға билет сату туралы ресми мәлімет әзірге жоқ.