29.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайраттың» ЛЧ-дегі қарсыластары анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайраттың» ЛЧ-дегі қарсыластары анықталды

28 тамызда Монакода УЕФА Чемпиондар лигасының лига кезеңіне жеребе тартылып, алматылық «Қайрат» өз қарсыластарын білді, деп хабарлайды Sport Pulse. Қарсыластар тізімі: мадридтік «Реал», миландық «Интер», лондондық «Арсенал», бельгиялық «Брюгге», гректің «Олимпиакосы», португалиялық «Спортинг», даниялық «Копенгаген» және кипрлік «Пафос».

Үйдегі матчтар (Алматы): «Реал», «Брюгге», «Олимпиакос», «Пафос».
Сырт алаңдағы матчтар: «Интер», «Арсенал», «Спортинг», «Копенгаген».

«Қайраттың» Лига чемпиондарындағы матч күнтізбесі кейінірек жарияланады.