27.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайраттың» келесі қарсыласы «Реалдан» жеңіліп қалды

«Қайраттың» келесі қарсыласы «Реалдан» жеңіліп қалды

Грекиялық «Олимпиакос» Чемпиондар лигасы бесінші турындағы өз алаңында Мадридтік «Реалдан» 3:4 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Олимпиакос» (Пирей, Грекия) – «Реал» (Мадрид, Испания) – 3:4

Гол соққандар: Чикинью 8, Мехди Тареми 52, Аюб Эль-Кааби 81 – Килиан Мбаппе 22, 24, 29, 60.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының алтыншы турында «Олимпиакоспен» ойнайды. Матч 9 желтоқсанда Астанада өтеді.