21.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы келесі мүмкін қарсыласы анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы келесі мүмкін қарсыласы анықталды

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында 2025/2026 жылғы маусымның Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты.

Егер «Қайрат» екінші раундта финдік «КуПС» клубынан өте алса, үшінші кезеңде Словакияның «Слован» немесе Босния және Герцеговинаның «Зриньски» клубының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, «Қайрат» пен «КуПС» арасындағы алғашқы матч ертең, 22 шілде күні Куопиода өтеді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!