05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайраттың» басты жұлдызына ота жасалды

«Қайраттың» басты жұлдызына ота жасалды

«Қайрат» футбол клубының бразилиялық шабуылшысы Жоао Паулоға жасалған ота сәтті өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Хирургиялық операция Бразилияның Натал қаласындағы Сан-Рафаэл госпиталінде өтті. Отаға білікті мамандар — Освальдо Лара мен Родриго Брага жетекшілік етті.

Клуб мәліметінше, ота сәтті аяқталған. Енді футболшы оңалту кезеңінің алғашқы сатысын Бразилияда өткізеді. Кейін Алматыға оралып, «Қайраттың» медициналық штабының бақылауымен қалыпқа келу процесін жалғастырады.

Айта кетейік, көктемде Жоао Пауло ауыр жарақат алып, айқыш байламын үзіп алған болатын.