21.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» жастары УЕФА Жастар лигасында кипрлік «Пафостан» жеңілді

«Қайрат» жастары УЕФА Жастар лигасында кипрлік «Пафостан» жеңілді

УЕФА Жастар лигасының үшінші турында алматылық «Қайрат» U-19 өз алаңында кипрлік «Пафос» құрдастарынан жеңілді — ойын 3:1 есебімен аяқталды.

Қожайындардың бастапқы құрамы келесідей болды:

  • Диас Реимов
  • Данияр Ташпулатов
  • Әмірбек Базарбаев
  • Райымбек Кенесбеков
  • Акежан Қалықұлов
  • Мұхамедәлі Әбіш
  • Евгений Петрик
  • Кәрім Мұхаметжан
  • Мансұр Бірқұрманов
  • Абылай Төлеухан
  • Исмаил Бекболат

Бірінші таймда кипр командасы басымдылыққа ие болды — 8-ші минутта Георгиос Михаэл, ал үзіліс алдында Давид Феррер Терронес гол соқты. Ойын қайта басталғанда Абылай Төлеухан есеп айырмасын қысқартты, алайда Марсело Алвес соңғы ысқырыққа сегіз минут қалғанда түпкілікті есепті белгіледі.

Алматы командасын алда тағы үш сырт алаң матчы күтіп тұр — миландық «Интер», «Копенгаген» және «Олимпиакоспен». Бұған дейін турнирде «Қайрат» «Спортинг» пен мадридтік «Реалдан» жеңілген болатын.