21.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» жастары тағы да жеңіліс тапты

«Қайрат» жастары тағы да жеңіліс тапты

«Қайрат» U19 командасы UEFA Youth League турнирінің 3-турында кипрлік «Пафос» жастарынан 1:3 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық ұжымның жалғыз голын Абылай Төлеухан соқты.

Бұған дейін «Қайрат» жастары алғашқы екі ойында «Спортингтен» (2:3) және «Реалдан» (1:4) жеңілген болатын.

Айта кетейік, бұл кипрлік ұжымның атаулы додадағы алғашқы жеңісі болып тіркелді. Осыған дейінгі 6 матчта бірде-бір гол соқпай, 21 гол жіберіп, 6 рет ұтылған.

«Қайрат» U19 командасы келесі матчын 5 қараша күні «Интерге» қарсы өткізеді.