30.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

Қазақстандық «Қайрат» футзал клубы 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының бірінші турында Хорватияның «Ново Вриеме» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 3:2 есебімен аяқталды. «Қайрат» сапынан Біржан Оразов (8 және 9-минут екі гол) пен Эдсон (16-минуттар) гол соқты. Ал «Ново Вриеме» сапынан Виктор Хьюго (24-минут) мен Джон Леннонның (40-минут) көзге түсті.

Осы топтағы екінші матчта «Спортинг» «Приштинаны» 19:1 есебімен жеңіп, көш бастады, ал «Қайрат» үш ұпаймен екінші орында тұр.

«Қайрат» келесі турда «Спортингпен» кездеседі. Алғашқы үш команда элиталық раундқа өтеді. Өткен маусымда «Қайрат» финалға дейін жетіп, «Пальмаға» есе жіберген.