17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» «Виктория Пльзень» шабуылшысы Рикардиньоны қатарға қоспақ

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» «Виктория Пльзень» шабуылшысы Рикардиньоны қатарға қоспақ
Қазақстанның қазіргі чемпионы «Қайрат» чехиялық «Виктория Пльзень» клубының шабуылшысы Рикардиньомен келісімшарт жасасуға жақын. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады.

Алдағы күндері бразилиялық форвард Алматыға келіп, медициналық тексерістен өтіп, жаңа клубымен келісімшартқа қол қояды.

Рикардиньоның соңғы клубы — Израильдің «Маккаби Хайфа» командасы. Ол бұл клубта жалға алу негізінде ойнап, 11 матчта бір голмен көзге түскен.

Бразилиялық ойыншы «Сан-Паулу» клубының түлегі. Бұған дейін ол «Гремио», «Атлетико Гойяньенсе», португалиялық «Маритиму» және болгариялық «Левски» сапында өнер көрсеткен.

Transfermarkt порталының мәліметінше, шабуылшының трансферлік құны — 800 мың еуро.

Айта кетейік, бұған дейін алматылық клуб тағы бір бразилиялық шабуылшы — Эдмилсон Фильоны қатарға қосқан болатын.