05.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» «Тұранды» жеңіп, ҚПЛ турнир кестесінің көш басына шықты

«Қайрат» «Тұранды» жеңіп, ҚПЛ турнир кестесінің көш басына шықты

Қазақстан чемпионы «Қайрат» ҚПЛ-дің 15-ші тур матчында «Тұранды» сенімді түрде жеңді — кездесу есебі 4:0 болды.

Командалардың бастапқы құрамы:

  • «Қайрат»: Анарбеков, Ташпулатов, Широбоков, Сорокин, Тапалов, Садыбеков, Байбек, Станоев, Рикардиньо, Бағдат, Жоржиньо
  • «Тұран»: Закиров, Асқаров, Сапанов, Асан, Дүйсенбекұлы, Абзалов, Үсіпханов, Чирков, Хаджиев, Абдулла, Зұлфықаров

Алаң иелері алғашқы минуттардан басымдылық танытты — бразилиялық жаңа ойыншы Рикардиньо 30-шы минутта алғашқы голды соқса, сегіз минуттан кейін Юг Станоев есеп айырмасын ұлғайтты. Екінші таймда Рамазан Бағдат дубль жасап, соңғы есепті белгіледі.

Бұл жеңістің арқасында алматылық клуб 36 ұпай жинап, турнир кестесінде «Астананы» басып озды, ал «Тұран» 11 ұпаймен 13-ші орында тұр.