27.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының лига кезеңіне жолдама алды, Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері плей-оффта Шотландияның 55 дүркін чемпионы «Селтикті» жеңіп, клуб тарихындағы ең ірі жетістіктердің бірін тіркеді. Осылайша «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан Қазақстаннан екінші команда атанды, бұған дейін, он жыл бұрын, «Астана» аталмыш додада өнер көрсеткен еді. Енді алматылықтардың қарсыластары жеребе арқылы анықталып, команда рейтингте ел коэффициентіне маңызды ұпай қосуға және еурокубоктық тәжірибесін нығайтуға мүмкіндік алады.