26.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» тағы бір шабуылшысынан айырылуы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» тағы бір шабуылшысынан айырылуы мүмкін

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Эдмилсон бүгінгі жаттығу барысында жарақат алып, алдағы матчқа қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз. Ойыншының жағдайы дәрігерлік тексерістен кейін анықталады.

Клубтың қорғаныс шебінде жақсы жаңалық бар: қорғаушы Луиш Мата медициналық штабтың рұқсатымен алаңға шығуға дайын. Ол ауырсынуды басатын дәрілердің көмегімен ойнауы мүмкін.

Команданың старттық құрамы қарсыласқа қарай соңғы сәтте нақтыланбақ.