05.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» тәжірбиелі қақпашымен қоштасты

«Қайрат» тәжірбиелі қақпашымен қоштасты

Қазақстандық қақпашы Александр Заруцкий Алматының «Қайратынан» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

32 жастағы қақпашы клубпен келісімшарт мерзімін ұзартпады. «Қайрат» Чемпиондар Лигасының «Олимпиакосқа» қарсы ойынына Заруцкийсіз Астанаға аттанды.

Алдағы ойында алматылық команданың қосалқы қақпашысы рөлін клуб академиясының түлегі 18 жастағы Шерхан Қалмырза атқарады.

2025 жылғы маусымда Заруцкий «Қайрат» сапында барлық жарыстарда 24 ойын өткізді. Александр Рафаэль Уразбахтиннің командасына Премьер-лига титулын қорғауға, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға және УЕФА Чемпиондар Лигасына жолдама алуға көмектесті.