26.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» сырт алаңда «Тобылды» жеңіп, «Астананы» қуып жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» сырт алаңда «Тобылды» жеңіп, «Астананы» қуып жетті

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында Алматының «Қайратты» Қостанайда «Тобылды» 3:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде көшбасшы «Астанамен» теңесіп отыр.

Ойын алғашқы минуттардан-ақ тартысты өрбіді. Алғашқы гол тек қосымша уақытта тіркелді — Жоржиньо Дастан Сатпаевтың пасын голға айналдырып, есеп ашты.

Екінші таймда Сатпаев тағы бір нәтижелі әрекет жасап, бұл жолы Валерий Громыкоға гол соғуға мүмкіндік берді — 0:2.

«Тобыл» пенальти арқылы есеп айырмасын қысқартты: Ахмед Эль-Мессауди 11 метрлік соққыны сәтті орындады. Алайда көп ұзамай Эдедем Эссьен алаңнан қуылып, қостанайлықтар бір ойыншы кем қалды. Мұны шебер пайдаланған «Қайрат» ойын соңында тағы бір гол соғып, жеңісті өз пайдасына жазды.

Бұл жеңістен кейін «Қайраттың» ұпай саны 40-қа жетіп, «Астанамен» теңесті. Ал «Тобыл» 35 ұпаймен үшінші орында қалды.

Келесі турда алматылықтар «Жеңіспен» кездессе, «Тобыл» «Оқжетпеспен» ойнайды.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!