01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» — «Слован» матчына төрешілер тағайындалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» — «Слован» матчына төрешілер тағайындалды

УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен «Слован» арасындағы алғашқы ойынға төрешілер құрамы белгілі болды. Кездесу 6 тамыз күні Алматыда өтеді.

Бас қазы болып Нидерландтан келген Сердар Гөзюбююк тағайындалды. Оған көмекші ретінде Эрвин Зейнстра мен Патрик Иниа қызмет атқарады. Төртінші төреші — Янник ван дер Лаан. VAR жүйесіне жауапты мамандар — Пол ван Букел және оның ассистенті Эрвин Бланк.

Бұл матч Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қос команда арасындағы алғашқы кездесу болмақ.

Еске салайық, «Қайрат» өткен кезеңде финляндиялық КуПС клубын қос матчтың қорытындысы бойынша жеңіп шықты. Алғашқы ойында 0:2 есебімен ұтылған алматылықтар, өз алаңында 3:0 есебімен камбэк жасап, келесі кезеңге жолдама алды.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!