23.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» «Реал» ойыны жабық режимде өтеді

«Қайрат» «Реал» ойыны жабық режимде өтеді

Алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реалдың» жасөспірімдер құрамалары арасындағы ойын көрермендер үшін жабық форматта өтеді, деп хабарлайды Sport Pulse.

30 қыркүйекте Т.С. Сегізбаев атындағы Академияның алаңында УЕФА Жасөспірімдер лигасы аясындағы «Қайрат» U-19 мен «Реал Мадрид» U-19 командалары кездеседі. Ойын сағат 12:00-де басталады.

Клубтың шешімі бойынша матчқа тек клуб қызметкерлері, Академия жаттықтырушылары, жас ойыншылардың ата-аналары және БАҚ өкілдері ғана кіре алады. Бұл шектеу Академия стадионының небәрі 250 орындық шағын сыйымдылығына байланысты енгізілген. Жанкүйерлер үшін матчтың тікелей көрсетілімі ұйымдастырылады.