31.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қайрат ҚПЛ матчында Ақтөбеден жеңіске жетті

Қайрат ҚПЛ матчында Ақтөбеден жеңіске жетті

Қазақстан Премьер-Лигасының 11-ші тур матчында Ақтөбе өз алаңында алматылық Қайратқа 1:2 есебімен жол берді.

Бірінші таймда командалар тең ойын көрсетті — екі жақ та шабуылдармен алмасты, бірақ гол соға алмады. Екінші тайм басында Аян Байдавлетов жақын қашықтықтан дәл соққымен үй иелерін алға шығарды.

Дастан Сәтбаевтың голі қабылданбай, Валерий Громыконың алаңнан қуылуынан кейін қонақтар аз құраммен қалды, алайда бұл Александр Мартыновичке есепті теңестіруге кедергі болмады. Матч соңында Дастан Сәтбаев алматылықтарға жеңіс әперді.

Матч қорытындысы бойынша Қайрат 26 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілді, ал Ақтөбе 25 ұпаймен үшінші орынға түсті.