26.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» — Қазақстан чемпионы атанды

«Қайрат» — Қазақстан чемпионы атанды

 

Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясындағы басты ойында «Қайрат» өз алаңында «Астанамен» тең түсті – 1:1, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу аса тартысты өтті және маусымның орталық ойыны атанды. Бірінші таймда қонақтар сапынан Марин Томасов есеп ашты. Ал екінші бөлікте Дастан Сәтпаев дәл соққысымен таразы басын теңестірді.

Бұл нәтижеден кейін «Қайраттың» ұпай саны 59-ға жетіп, команда Қазақстан чемпионатының 2025 жылғы маусымдағы чемпионы атанды