15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» қақпашысы Анарбеков «Ақтөбемен» ойында ауыр жарақат алды

«Қайрат» қақпашысы Анарбеков «Ақтөбемен» ойында ауыр жарақат алды

Zakon.kz хабарлағандай, алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков ҚПЛ-дің 23-ші тур ойынында «Ақтөбеге» қарсы матчта ауыр жарақат алды — қақпашы ойынды аяқтай алмады.

Алматылықтардың бас бапкері Рафаэль Оразбахтин өзінің негізгі қақпашысының жарақатының ауыр екенін растады — футболшының жақ сүйегі сынған.

Менің мәліметім бойынша, Темірланның жақ сүйегі зақымданған, оны белгісіз мерзімге жоғалттық. Ол Чемпиондар лигасы мен ҚПЛ-2025 жақын ойындарында командаға көмектесе алмайды, — деді «Қайрат» бапкері.

Негізгі қақпашысынан айырылғанына қарамастан, «Қайрат» «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңіске жетті — қақпада 18 жастағы Шерхан Қалмырза сәтті ойын көрсетіп, қақпасын «құлпылап» тастады.