27.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» пен тағы екі клуб топтық кезеңге жолдама алды

«Қайрат» пен тағы екі клуб топтық кезеңге жолдама алды

27 тамыз, сейсенбі күні Чемпиондар лигасының плей-оффындағы жауапты матчтар өтті, деп хабарлайды  Prosports.kz. Нәтижесінде негізгі кезеңге үш команда қосылды: қазақстандық «Қайрат», норвегиялық «Буде-Глимт» және кипрлік «Пафос».

Осылайша, турнирдің топтық кезеңінде бақ сынайтын 36 клубтың 32-сі анықталды. Олардың қатарында Англиядан — «Ливерпуль», «Арсенал», «Манчестер Сити», «Челси», «Тоттенхэм» және «Ньюкасл», Италиядан — «Наполи», «Интер», «Аталанта», «Ювентус», Испаниядан — «Барселона», «Реал», «Атлетико», «Атлетик», «Вильярреал» бар.

Сонымен қатар Германиядан — «Бавария», «Байер», «Айнтрахт», «Боруссия» Дортмунд, Франциядан — «ПСЖ», «Марсель», «Монако», Нидерландтан — ПСВ мен «Аякс», Португалиядан — «Спортинг», Бельгиядан — «Юнион», Түркиядан — «Галатасарай», Чехиядан — «Славия», Грекиядан — «Олимпиакос» топтық кезеңге жолдама алды. Оларға қазақстандық «Қайрат», норвегиялық «Буде-Глимт» және кипрлік «Пафос» қосылды.