29.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» пен «Семей» UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін бастайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
АФК Кайрат

Қазақстандық «Қайрат» пен «Семей» клубтары 29 қазанда футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі ойындарын бастайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алматылық «Қайрат» төртінші топта сынға түседі. Қарсыластары — «Спортинг» (Португалия), «Приштина» (Косово) және «Ново Вриеме» (Хорватия). Барлық ойындар Хорватияның Макарска қаласында 29 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.
Қайраттықтар бірінші турда — «Ново Вриемемен», екінші турда — «Спортингпен», ал соңғы ойында — «Приштинамен» кездеседі.

Ал «Семей» клубы үшінші топта бақ сынайды. Қарсыластары — «Пальма» (Испания), «Хрудим» (Чехия) және «Этуаль» (Франция). Барлық кездесулер Испанияда, «Пальма» алаңында өтеді.
Семейліктер 29 қазанда «Хрудиммен», 30 қазанда «Этуальмен», ал 1 қарашада «Пальмамен» кездеседі.

Айта кетейік, футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының төрттіктің финалы 2026 жылдың мамыр айында Италияның Пезаро қаласында өтеді.