04.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» пен «Астана» плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыластарын білді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» пен «Астана» плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыластарын білді

KazFootball.kz хабарлауынша, Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне қатысып жатқан «Қайрат» пен «Астана» клубтарының плей-офф кезеңіндегі мүмкін қарсыластары белгілі болды.

«Қайрат» – Чемпиондар лигасы

Егер алматылық клуб үшінші іріктеу кезеңінен өтсе, плей-офф кезеңінде мына командалардың біріне қарсы ойнауы мүмкін:

  • «Будё-Глимт» (Норвегия)
  • «Мальмё» (Швеция) – «Копенгаген» (Дания) жұбының жеңімпазы
  • «Лех» (Польша) – «Црвена Звезда» (Сербия) жұбының жеңімпазы
  • «Лудогорец» (Болгария) – «Ференцварош» (Венгрия) жұбының жеңімпазы
  • «Селтик» (Шотландия)

Егер «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып қалса, Еуропа лигасында жолын жалғастырып, келесі командалардың бірімен кездесуі мүмкін:

  • «Хамрун Спартанс» (Мальта) – «Маккаби» Тель-Авив (Израиль) жұбының жеңімпазы
  • «Мальмё» – «Копенгаген» жұбының жеңілгені
  • «Лудогорец» – «Ференцварош» жұбының жеңілгені
  • «Янг Бойз» (Швейцария)

«Астана» – Конференция лигасы

Егер елордалық команда үшінші кезеңде «Лозаннадан» өте алса, плей-офф кезеңінде келесі қарсыластардың бірі түсуі мүмкін:

  • «Фиорентина» (Италия)
  • «Викинг» (Норвегия) – «Истанбул Башакшехир» (Түркия) жұбының жеңімпазы
  • «Ракув» (Польша) – «Маккаби» Хайфа (Израиль) жұбының жеңімпазы
  • «Сент-Патрикс Атлетик» (Ирландия) – «Бешикташ» (Түркия) жұбының жеңімпазы
  • «Силькеборг» (Дания) – «Ягеллония» (Польша) жұбының жеңімпазы

Қазақстандық клубтардың плей-офф кезеңіне өтуі – топтық кезеңге жолдама алу үшін шешуші саты.