23.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» пен «Астана» арасындағы чемпиондық матчты италиялық төрешілер басқарады

«Қайрат» пен «Астана» арасындағы чемпиондық матчты италиялық төрешілер басқарады

«Серый CARDINAL» телеграм-арнасының хабарлауынша, Қазақстан Премьер-Лигасының 26-шы тур аясындағы алматылық «Қайрат» пен елордалық «Астана» арасындағы матчты италиялық төрешілер бригадасы басқарады.

Кездесудің бас төрешісі болып Маттео Маркетти тағайындалды — алаңда оған отандастары Валерио Коларосси мен Кристиан Росси көмектеседі. Бейнекөмекші рефери Давиде Герзини болады, ал қосалқы төреші мен AVAR қызметтері қазақстандық төрешілерге сеніп тапсырылды.

Чемпионат көшбасшылары арасындағы матч Алматыда өтеді — «Қайрат» 58 ұпаймен турнир кестесін басқарып тұр, ал «Астана» 56 ұпаймен екінші орында тұр.