15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» «Олимпияны» жеңіп, келесі кезеңге өтті

«Қайрат» «Олимпияны» жеңіп, келесі кезеңге өтті

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Қайрат» пен «Олимпия» арасындағы жауапты кездесу өз мәресіне жетті. Ойынның 5-минутында Жоржиньо алаң иелерін алға шығарды. Ал 31-минутта Мрынский есепті еселеді.

Айта кетейік, Люблянада өткен алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Осылайша, қос кездесудің қорытындысы бойынша «Қайрат» келесі кезеңге жолдама алды.