04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қайрат Нұрдәулетов «Оқжетпестің» бас бапкері атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қайрат Нұрдәулетов «Оқжетпестің» бас бапкері атанды

«Оқжетпес» футбол клубы Қайрат Нұрдәулетовтің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

46 жастағы қазақстандық маманмен жасалған келісімшарттың шарттары жарияланған жоқ.

Нұрдәулетовтің тағайындалуы Андрей Ферапонтовпен қоштасқаннан кейін орын алды. Оның жетекшілігімен көкшетаулық команда Бірінші лигада сәтті өнер көрсетіп, Премьер-лигаға жолдама алған еді және биылғы маусымды сәтті бастаған. Қазіргі таңда «Оқжетпес» 14 турдан кейін 21 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр.

Айта кетейік, Қайрат Нұрдәулетов бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабында жұмыс істеп, кейін футбол федерациясында ұлттық құрамалар департаментінің директоры болды. Сондай-ақ, ол жастар құрамасы U21 мен «Мақтаарал», «Жетісу», «Ертіс» клубтарын басқарған.