25.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасындағы жорығын бастайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Кайрат

«Қайрат» футзал клубы келесі аптада УЕФА Чемпиондар лигасындағы жаңа маусымдағы жорығын бастайды. Турнир 29 қазан – 1 қараша аралығында Хорватияның Макарска қаласында өтеді.

Жарыс кестесі:

29 қазан: «Қайрат» — «Ново Вриеме» (Хорватия)

30 қазан: «Қайрат» — «Спортинг» (Португалия)

1 қараша: «Қайрат» — «Приштина» (Косово)

Айта кетейік, өткен маусымда алматылық клуб УЕФА Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, Испанияның «Пальма» командасынан 4:9 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Биыл «Қайрат» Еуропа төрінде өз беделін тағы бір мәрте дәлелдеуді көздейді.