12.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» – «Елімай» матчы қайда өтетіні белгілі болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» – «Елімай» матчы қайда өтетіні белгілі болды

10 тамыз күні Алматыдағы «Орталық» стадионда әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің ауқымды концерті өткен еді. Ал 16 тамызда «Қайрат» өз алаңында «Елімайды» қабылдайды. Осыған байланысты алаңның жағдайы жайлы мәлімет белгілі болды.

Алматы қаласы спорттық нысандарын дамыту дирекциясының хабарлауынша, концерт алдында газонды сақтау үшін құны миллион доллардан асатын арнайы қорғаныш жабындысы сатып алынған.

— Газонның жағдайы қанағаттанарлық, қорғаныш жабындысы толық алынды. Жұмыс қажет учаскелер бар, бірақ біздің агрономдар қазір осы бағытта еңбек етіп жатыр. Қосымша шөп егіліп, қоректік заттармен өңделеді. Газон сын көтермейтін жағдайда емес. «Қайрат» – «Елімай» матчы өтетін күнге дейін бәрі дайын болады, — деп мәлімдеді стадионды басқару мекемесінің өкілдері.

Айта кетейік, Дженнифер Лопестің Ереван мен Ташкенттегі концерттерінен кейін жергілікті стадиондардағы газон футбол матчтарын өткізуге жарамсыз болып қалған.