27.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін қанша алатыны белгілі болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін қанша алатыны белгілі болды

Алматылық «Қайрат» тарихи нәтижеге қол жеткізіп, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Осы көрсеткіші үшін клубқа 18,62 млн еуро (шамамен 11,6 млрд теңге) көлемінде базалық сыйақы қарастырылған. Топтық кезеңде әрбір жеңіс пен плей-оффқа шығу үшін де қосымша төлемдер төленеді.

«Қайрат» іріктеуді бірінші раундтан бастап, жол-жөнекей Словенияның «Олимпиясын», Финляндияның КуПС клубын, Словакияның «Слованын» және плей-оффта Шотландияның 55 дүркін чемпионы «Селтикті» айналып өтті.

26 тамызда Алматыда өткен жауап ойында есеп 0:0-ден кейін пенальти сериясына ұласып, «Қайрат» жеңіске жетті. Матчтың қаһарманы қақпашы Темірлан Анарбеков болды — ол серияда шотландтардың үш соққысын қайтарып, командасын топтық кезеңге шығарды.