15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеуінде «Олимпияны» таң қалдырып жеңді

«Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеуінде «Олимпияны» таң қалдырып жеңді

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» өз алаңында Любляна қаласының «Олимпия» командасын 2:0 есебімен жеңді.

Командалардың бастапқы құрамы:

  • «Қайрат»: Заруцкий, Мрынский, Мартынович, Сорокин, Мата, Тапалов, Глэйзер, Қасабұлат, Жоржиньо, Эдмилсон, Сатпаев
  • «Олимпия»: Лубей-Финк, Бланко, Мухамедбегович, Еленкович, Дига, Диогу Пинту, Агба, Доффо, Брест, Тамм, Коич

Жоржиньо 5-ші минутта басымен дәл соққы жасап есеп ашса, 31-ші минутта Александр Мрынский қақпашымен бетпе-бет шығып есепті еселеді — 2:0.

Екінші таймда алаң иелері қорғанысқа көңіл бөліп, жеңісті ұстап қалды. Келесі кезеңде алматылық клуб КуПС (Финляндия) — «Милсами» (Молдова) жұбының жеңімпазымен кездеседі.