16.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласын білді

«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласын білді

Sports24.kz мәліметінше, алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде финляндиялық «КуПС» командасымен кездеседі.

Алматы командасының бас бапкері Рафаэль Оразбахтин «Олимпия» командасын жеңгеннен кейін алдағы қарсылас туралы пікірін білдірді:

Логистика тұрғысынан Молдовадан қарсылас келгені жеңілірек болар еді. Хельсинкиден автобуспен 400 шақырым жол жүру керек. Дегенмен, кім жеңсе, сол лайықты болады. Біз кез келген қарсыласпен ойнауға дайынбыз.

Хельсинкиден 390 шақырым қашықтықта орналасқан Куопио қаласының командасы, Финляндияның қазіргі чемпионы «КуПС» бірінші іріктеу кезеңінде молдовалық «Милсами» командасын жалпы есеппен 1:0 жеңіп, сенімді өтті.

«Қайрат» өз кезегінде словениялық «Олимпияны» екі кездесу қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіп, қайтарма матчта 2:0 есебімен жеңіске жетті.