17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Олимпиямен» кездеседі

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Олимпиямен» кездеседі

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыласын білді. Қазақстандық клубқа Словенияның «Олимпия» командасы түстіі.

Алғашқы матч 8 немесе 9 шілде күні Люблянада өтсе, қарымта ойын 15 немесе 16 шілдеде Алматыда ойналады.

«Қайрат» еурокубоктарға екі жылдық үзілістен кейін оралып отыр. Соңғы рет клуб 2022/23 маусымында Еуропа конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде ойнап, Венгрияның «Кишварда» командасынан екі ойында да 0:1 есебімен жеңілген болатын.

2025/26 жылғы маусымда Қазақстан намысын еурокубоктарда «Қайратпен» бірге «Астана», «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтары қорғайды.