22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» Чемпиондар лигасында қанша ақша таба алатыны белгілі болды

«Қайрат» Чемпиондар лигасында қанша ақша таба алатыны белгілі болды

ФК «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу плей-офф кезеңінің бірінші матчында «Селтикпен» тең түсті.

26 тамызда өтетін қайтару кездесуінде жеңіске жетсе, алматылық клуб топтық кезеңде өнер көрсету құқығына ие болады — УЕФА бұл үшін 18,62 миллион еуро көлемінде негізгі төлем кепілдендіреді.

«Қайраттың» қосымша табыс көздері:

  • Тарихи коэффициент бонусы — 1-2 миллион еуро
  • Телевизиялық құқықтардан түсетін табыс — 500 мың-1 миллион еуро
  • Матчта жеңіс үшін сыйақы — 2,1 миллион еуро
  • Тең түскені үшін сыйақы — 700 мың еуро

Топтық кезеңге қатысқаны үшін кепілдендірілген жалпы сома 19,5-20 миллион еуроны құрайды — бұл сома команданың турнирдегі нәтижелеріне байланысты өсуі мүмкін.