22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» Чемпиондар лигасында есе жіберді

«Қайрат» Чемпиондар лигасында есе жіберді

Алматылық «Қайрат» сырт алаңда Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында финляндиялық «КуПС» командасымен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz

Бірінші таймда екі команда да басымдықты алуға тырысқанымен, есеп ашылмады. Екінші таймның басында алаң иелері жылдам есеп ашты. 49-минутта Мохамед Туре алыс қашықтықтан соққы жасап, допты торда тулатты. Артынша 71-минутта Яакко Оксанен тағы бір алыстан бағытталған соққымен есепті 2:0-ге арттырды.

Жауапты матч 29 шілде күні Алматыда өтеді.

«КуПС» (Куопио, Финляндия) — «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — 2:0 (0:0)

Голдар: Туре, 49 (1:0), Оксанен, 71 (2:0)