11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» бас бапкерінің кеткенін ресми жариялады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» бас бапкерінің кеткенін ресми жариялады

АФК «Қайрат» бас бапкер Марлон Веласкомен келісімді аяқтағанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Маманның еңбек шартының мерзімі аяқталып, тараптар келісімді ұзартпау туралы шешім қабылдаған.

Испаниялық бапкер алматылық клубты 2023 жылдың тамыз айынан бастап басқарған. Оның жетекшілігімен «Қайрат» екі рет Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды, ел кубогының иегері атанды және Португалияда өткен Masters Cup халықаралық турнирінің жеңімпазы болды. Бас жетістік – 2025 жылғы футзалдан УЕФА чемпиондар лигасының күміс жүлдесі.

Клуб Марлон Веласкоға атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, бапкерлік жолында сәттілік тіледі.

Бейресми ақпарат бойынша, плей-офф кезеңі аяқталғанға дейін командаға клубтың спорттық директоры — Густаво Парадеда жетекшілік етеді.