31.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» бапкері Оразбахтин «Ақтөбемен» ойында алаңнан қуылды

«Қайрат» бапкері Оразбахтин «Ақтөбемен» ойында алаңнан қуылды

ҚПЛ-дің 11-ші тур матчында «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы ойынның бас төрешісі алматы клубының бас бапкері Рафаэль Оразбахтинді алаңнан қуды.

Кездесудің 74-ші минутында 1:1 есебінде — «сары-қаралардың» бапкері төреші Александр Затуламен эмоциялық пікірталасқа түсіп, ескерту алды. Төрешімен дау-дамайды жалғастырғаны үшін қызыл қағаз көрсетіліп, бапкер қосалқы ойыншылар орындығынан қуылды.

Алматылықтар үшін матчтың шиеленісті сәті Дастан Сатпаевтың голының есепке алынбауынан басталып, бапкердің қуылуынан кейін көп ұзамай екінші сары қағазын алған жартылай қорғаушы Валерий Громыко алаңнан кетуге мәжбүр болды.