14.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» «Ақтөбені» жеңіп, көш басына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» «Ақтөбені»  жеңіп, көш басына шықты

Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында Алматының «Қайрат» клубы өз алаңында «Ақтөбені» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Ойынның алғашқы минуттарында «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырза алаңға шықты. Ол 13-минутта жарақат алған Темірлан Анарбековтің орнына кірді.

Екінші таймның 52-минутында Дастан Сәтпаев қарсылас қақпасына гол соғып, есепті ашты. Бұл матчтағы жалғыз әрі шешуші гол болып, «Қайратқа» жеңіс сыйлады.

Қорытынды есеп – 1:0. Алматылықтар турнир кестесіндегі маңызды үш ұпайды еншіледі.